«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы»

4 мамыр, 2020

2020 жылдың екінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 19 саны жарыққа шығады.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми жұмыстар байқау негізінде қабылданады.

19-ші санға мақала берудің мерзімі - 2020 жылдың 26 мамырына дейін.

Ғылыми мақалалардың жинағы жылына 2 рет жарияланады.

«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 18 саны 2020 ж. ақпан айында жарық көрді. Жинақ ЮНЕСКО-ны насихаттауға және тұрақты даму мақсаттарына арналды.

        Жинақта медиасауаттылық және медиабілім беру, PR, коммуникация және гуманитарлық ғылымдар бойынша мақалалар жарияланған. Кітапта әртүрлі мемлекет жастарының қызықты шығармалары жазылған «Жастардың ғылыми шығармашылығы» деп аталатын арнайы тарау бар.

18-ші санда - Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина қазақ, қырғыз, орыс, украин және ағылшын тілдеріндегі мақалалар жарық көрген.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

беттен аспайтын мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімдегі редакторында электронды нұсқада, Times New Roman қаріпте, 14 көлемдегі қаріппен, бір интервалда ұсынылуы қажет.

Мәтін редакцияланған, автордың қолы қойылған болуы керек, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен қызметі, телефон номері, елі толық көрсетілуі қажет.

Мақала соңында 7.1-2003 ГОСТ-ына сәйкес жазылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Міндетті түрде болуы керек: түйін сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңдатпа.

Жұмыстар электронды адрестерінде қабылданады:

         laila_akhmetova@mail.ru

         l.s.akhmetova@gmail.com