«Сұңқар» кубогына арналған пікір-сайыс турнирі өтті

23 ақпан, 2011

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына орай 2011 жылдың 15 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Сұңқар» кубогына арналған пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирде әлеуметтік проблемалар қозғалып, жас дебатерлар оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсынып, өз ұстанымдарын қорғап жатты. Бауыржан Қомшабайұлы, Ұлан Дабылбеков төрешілік еткен қазақ лигасында үздік деп мына топтар жарияланды: І орын МП 13К (Назерке Қалиева, Айтас Бересов); ІІ орын МП 11К (Нурила Сабит, Тоғжан Ахмед-Заки); ІІІ орын МЭ 11К (Жансая Санибек, Қымбат Жанғалиева). Азамат Гумаров, Айгүл Байсалыкова, Зарина Каршиева төреші болған орыс лигасында мына топтар жеңімпаз атанды: І орын МП 18Р (Арат Бекшоранов, Казына Копешова); ІІ орын МЭ 10Р (Сабир Кушков, Елена Андросенко); ІІІ орын МП 12Р (Вадим Досымбеков, Марат Дарибаев).

Пікір-сайыс кезінде үздік спикерлер де анықталды. Қазақ лигасынан Ержан Мырзатаев (МЭ 11К), Қалиева Назерке (МП 13К), Гүлбану Ережепова (РВ 11К), Жансая Санибек (МЭ 11К), Нурила Сабит (МП 11К) ең үздік деп танылса , ал орыс лигасында Елена Андросенко (МЭ 10Р), Арат Бекшоранов (МП 18Р), Мариям Огонян (МП 14Р), Вадим Досымбеков (МП 12Р) үздік спикер атанды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, ал ең үздік деп танылған топ «Сұңқар» кубогына ие болды. Әлеуметтік мәселелерді қозғаған пікір-сайыс 1 курс студенттеріне үлкен тәжірибе болды және осындай шаралар өз жалғасын табады дегенге сеніміміз мол.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі