Scopus базасындағы «күмәнді» және «жыртқыш» журналдарды анықтауға арналған вебинар

20 мамыр, 2020

 

13.05.2020 және 20.05.2020 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр факультеттегі оқытушылар мен докторанттарға арнап Scopus базасындағы «күмәнді» және «жыртқыш» журналдарды анықтауға бағытталған 2 вебинар өткізді.

 

Вебинар барысында халықаралық Scopus және Web of Science базаларындағы журналдардың типтері, «жыртқыш» және «күмәнді» журналдардың белгілері мен оларды анықтау критерилері, нақты мысалдар мен сараптау құралдары көрсетілді.