Биылғы жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің альма-матері үшін ерекше жыл болды. Лайықты түрде ұлы ғұламаның есімін иеленген университет әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге байланысты халықаралық ауқымдағы іс-шаралары белгіленген.
Мерейтой жылының маңызды шараларының бірі жалпы университеттік мереке - ҚазҰУ түлектері күні. Жыл сайын ол мамыр айының соңғы сенбісінде өткізіледі және биылғы жылы 30 мамырға тұспа-тұс келді. Университет дәстүрлерін сақтай және дамыта келе, сондай-ақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Түлектер күнін жаңа форматта-онлайн режимде өткізуді жоспарланып отыр.
Біз мыңдаған оқытушылар, студенттер мен түлектер ұжымы осындай қиын қыстау кезеңде бұрынғы жылдардағыдай, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен білім, ғылым, спорт және мәдениеттің маңыздылығын тағы да көрсете алатынына сенімдіміз және Түлектер күнінің дистанциялық форматы алғаш рет сынақтан өткелі отыр.
Бітірушілерді құттықтаудың материалдары мен бейнежазбалары, өз кафедралары мен факультеттерімен мерейтойлық шығарылымдардың онлайн-кездесулері әлеуметтік желілерде кеңінен қолжетімді болу үшін орналастырылады.
Сіздерді онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз! Бейне құттықтауларыңызды жіберіңіз! Платформаны және кіру паролін анықтау үшін өз кафедраларыңызға және факультеттеріңізге хабарласуларыңызға болады!