2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясына дайындық
2020 жылдың 28 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында кафедра меңгерушісі Ж.К.Жүнісбаеваның басшылығымен ашық мәжіліс өтті. Мәжіліс Microsoft teams платформасында жүргізілді. Мәжіліске қашықтан кафедраның барлық куратор-эдвайзерлері және «Генетика», «Биология», «Биотехнология» мамандықтарының орыс және қазақ бөлімдерінің 1,2,3,4 курс студенттері мен магистранттары, шамамен 200-ден астам адам қатысты. Онда қашықтан оқыту технологияларын қолданып жазғы сессияны тапсыру мәселесі талқыланды.
Биыл жазғы сессияның барлық емтихандары, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты жаппай карантин шараларының енгізілуіне қарамастан, академиялық күнтізбеге сай жүретіні айтылды. Яғни бакалавриат пен магистратураның 1-курстары үшін қорытынды бақылау емтихандары 11 мамыр мен 24 мамыр аралығында, бакалавриаттың жоғары курстары үшін 25 мамыр мен 14 маусым аралығында, қорытынды аттеатация мен дипломдық жобаларды қорғау 8 маусым мен 12 шілде аралығында өтетіні айтылды.
Онлайн конференция қатысушылары, қорытынды емтихандардың қабылдану ережелерімен, қолданылатын қашықтан оқытудың СДО MOODLE (dl.kaznu.kz), Open KazNU (open.kaznu.kz), Open Master Class (omc.moocs.kz) платформаларымен, Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасымен (moocs.kz) толық таныстырылды. Қорытынды емтихандардың: дәстүрлі жазбаша емтихан, жазбаша жобалар, тест формалары «Оқулық», «Мoodl», «Univer» жүйелерінде, ауызша емтихандар мен диплом жұмыстарын қорғаудың Zoom, Microsoft teams, Google Meet, Cisko WebEX және т.б. платформаларында жүргізілу тәртібі түсіндірілді.
Мәжіліс барысында оқытушылар мен студенттердің барлық сұрақтарына жауап берілді.