Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды.
Вакансиялар және қажетті құжаттардың тізімі, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Конкурс на замещение вакантных должностей 2020.pd
KazNU-competition for vacant positions_2020 (1).pd
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 2020 жылдың маусым айының 19 жұлдызына дейін (қоса алғанда).
Қажетті құжаттардың тізімі:
1. Университет ректорының атына өтініш;
2. кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс-парағы;
3. өмірбаян;
4. нотариалды расталған жоғары білім, академиялық және ғылыми дәрежесін растайтын дипломдарының көшірмесі;
5. ғылыми атағын растайтын аттестат көшірмесі;
6. ғылыми еңбектерінің тізімі (болған жағдайда);
7. анкета;
8. соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
9. біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
11. еңбек кітапшасының көшірмесі;
12. жеке медициналық кітапша (№086 медициналық анықтама), флюорожазба.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы және қызметкерлер мәдени корпоративтік кодексін білу және орындау міндетті;
2. ғылыми дәрежесі мен ғылыми атақ болуы тиіс;
3. ғылыми-білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі;
4. оқу-әдістемелік еңбектері (ҚР БҒМ РУМС ұсынымы бойынша белгілі отандық және шетелдік басылымдарда шығарған);
5. ғылыми зерттеу немесе халықаралық жобаларда белсене қатысу;
6. шет тілін білу (тіл және халықаралық бағыттағы кафедраға ваканттық орынға үміткер үшін міндетті);
7. ҚР БҒМ ұсынған және халықаралық ғылыми журналда ақпараттық базасына кіретін Thomson Reuters және Scopus басылымдарының болуы.
Құжаттар келесі мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, ректорат (№703, 704 бөлмелер), жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Адам ресурстары және архив басқармасы).
Анықтама телефондары: 8 (727) 377 35 35, 377 33 30 (ішкі 11-71, 11-73), факс – 377 33 44.