Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз!
Шолпан Асқарқызы 1996 жылы бакалавриатты тәмамдады. Ал 1999 жыл магистратурасында оқып, білім алды. 2005 жылы Кандидаттық диссертациясын қорғап, 2006-шы жылдан 2011-ші жыл аралағында PhD докторантурасын болашақ бағдарламасы арқылы АҚШ-тағы Миссури университетінде, диссертациясын қорғап, PhD дәрежесіне ие болды. Қазіргі таңда, Биоинженерия және регенеративтік медицина зертханасының жетекшесі, Өмір туралы ғылымдар орталығы, "National Laboratory Astana" ЖМ, Назарбаев Университеті.
Білімі
Ph.D., Жасушалық Биология, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан (2004), Ph.D., Биологиялық Инженерия, Миссури Университеті, AҚШ (2011).
Зерттеу Саласы
Нейродегенеративті аурулардың дамуының молекулалық және клеткалық механизмдері; жасушалармен емдік агенттерді ұлпаға бағыттап жеткізу.
Шолпан Асқарқызын дәстүрлі түлектер күнімен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс пен бақыт тілейді!
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы