Түлектер күніне шақыру!

27 мамыр, 2020

2020 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті үшін ерекше жыл. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында факультетімізде ғылыми, оқу-тәрбие ісі саласында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі де бірегейі университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін мереке - ҚазҰУ түлектері күні. Бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісі аталып өткізіледі. Ағымдағы жылы әлемде және елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Түлектер күнін 30-мамыр күні жаңа форматта-онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.

         Мыңдаған шәкіртті тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары білім, ғылым, спорт және мәдениет саласындағы ерекше санаттағы мамандар ретінде қалыптасуына жол ашқан ғылым мен білімнің қара шаңырағы Түлектер күнін дистанциялық форматта алғаш рет атап өтіп, түлектерімізбен қуанышымызды бөлісіп, кездесуді жөн санады.

Сіздерді онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!