Дәстүрге айналған түлектер кездесуі

3 маусым, 2020

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу-Насыр әл-Фарабидің есімі берілген Қазақ ұлттық университеті жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуін мамыр айының 30 күні өткізді. Бұл күн әрбір түлек үшін ерекше. Биылғы түлектер кездесуі жаңа форматта өтті. Әлемдік қиын кезеңді өткеріп жатқандықтан, университетіміз болып жатқан жағдайға қарайласып, кездесуді онлайн форматта өткізді.

Әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы бітіруші түлектері мен бітіріп кеткен түлектерінің басын қосып, дәстүрлі түлектер кездесуін жоғары деңгейін өткізді. Қуанышты сәтте тоғысқан оқытушылар ұжымы мен түлектер бір-бірлеріне деген ыстық ықылас тілектерін білдірді.

Егеменді еліміздің ертеңі болашақ жастардың қолында. Ал осы болашақ үкілі үмітті арқалаған жастарды білім нәрімен қатар, тәлім-тәрбие берген ұлағатты ұстаздардың ерең еңбегі өте зор. Қара шаңырақ ҚазҰУ өзінің білікті түлектерін жыл сайын өз ұясынан ұшыруда.

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында өткен жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуіне кафедрамыздың оқытушылар ұжымы мен бітіріп кеткен түлектер мен бітіруші түлектер қатысты. Онлайн форматта өткен кездесудің шымылдырығын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М. Мұтанов өзінің жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Ректор сөзінен кейін кафедрамыздың меңгерушісі Г.Б. Мадиева өзінің тамаша тілектерін бітіруші тілектерге ыстық ықласпен жеткізді. Келесі құттықтау кезегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығының президенті Қ.Ә. Мәмиге берілді. Сонмен қатар, жүрек жарды тілектерін кафедрамыздың оқытушылары Жібек Уахитовна мен Мәншүк Құдайбергенқызы жалғастырды. Кафедрамыздың барлық оқытушылар қауымы өз тілектерін білдірді. Ұстаздардың әрбір тілегі өз ұясынан түлеп, ұшып бара жатқан бітіруші түлектер үшін рухани күш болды.

Сонымен қатар, ұстаздардың ыстық тілектеріне бітіріп кеткен түлектер мен бітіруші түлектерден алғыс сөздері білдірілді. Тікелей онлайн байланысқа кіре алмаған түлеп ұшқан түлектер өздерінің жүрек жарды лебіздерін бейне таспа арқылы жеткізді. Бейне таспадан бөлек кездесуде кафедрамыздың тарихы көгілдір экранда көрсетілді.

Осы күнде қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектер еліміздің түкпір түкпірінде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, шет елде де өз білімдері мен біліктіліктерін жұмыс барысында қолданып, қызмет атқарып жатыр.

Жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуінің қорытындысы түлектердің ұстаздарына деген шынайы алғыс білдіруімен, ұстаздардың тәрбиелен шәкірттеріне ақ жол тілеуімен өз мәресіне жетті. Дәстүрге айналған мереке алғаш рет жаңа форматта өтті және жоғары деңгейде тәмамдалды. Кездесу соңы жүректен шыққан шынайы алғыспен аяқталды.   

 

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы

Жетекші, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық

және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары: М.Қ. Мамбетова

Лингвистика мамандығының 2-курс магистранты: Б.М. Мырзабек