30 мамыр 2020 жылы мамыр айының соңғы сенбісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Түлектер күні» өткізілді. Халықаралық құқық кафедрасымен онлайн режимде Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған түлектер кездесуі өткізілді. Іс-шараға «Халықаралық құқық» мамандығын әр уақытта бітірген 30-ға жуық түлектер қатысты.
Іс-шараның модераторы - халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор м.а. Сайрамбаева Ж.Т. өзінің құттықтау сөзінде іс-шараның міндеті достық және іскерлік байланыстарды нығайту және дамыту екенін атап өтті.
Іс-шараның салтанатты бөлігі «Гаудеамус» студенттік әнұраны және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Мутанов Г.Г. құттықтаумен басталды. Сонымен қатар, түлектерге арналған бейне құттықтауларда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының Президенті з.ғ.д., профессор Мами К.А. өз сөзін жолдады.
Кездесу барысында түлектер назарына университеттің және халықаралық құқық кафедрасының жетістіктері туралы презентация ұсынылды. Аудиторияның жағымды эмоциясы мен естеліктерін тудырған әр түрлі оқу жылының түлектері мен әріптестерінің естелік суреттерін көрсете отырып, з.ғ.к, доцент Машимбаева Г.А. кафедраның құрылу және даму тарихы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында Халықаралық қатынастар факультетінің келесідей түлектерінің бейне құттықтаулары тыңдалды: ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Исетов А., ҚР Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы Қайырбек М., ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық департаментінің директоры Жумаканов Н., «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Боранбай А., ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының заңнама бөлімінің бас консультанты Ахметов Е., Ernst & Young Kazakhstan аға заңгері Адбукаримов А. және т.б.
Түлектер оқутышыларға жылы лебіздерін білдіріп, туған Альма-матердің одан әрі өркендеуіне тілектестіктерін білдірді. Әр түлектің өзіндік өмір жолы бар болғанымен, олар жыл сайын оқутышылар және топтастарымен қайта кездесуге уақыт тауып отырады.
Түлектер кездесуі болашақта осындай іс-шаралардың қажеттілігін көрсетті. Жылы атмосфера көрермендерді ұзақ уақыт бойына жағымды әсерге бөледі, өйткені студенттік жылдар әрқайсымыз үшін ұмытылмас, ең жылы, ең жақсы кездер...