Қаулысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің

9 шілде, 2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің

2020 жылғы 29 маусымдағы

ҚАУЛЫСЫ

Оқу жөніндегі проректор А.Қ. Хикметовтің, әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор Х.А. Малаевтың «Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау жоспары туралы», адам ресурстары және архив басқармасының басшысы А.С. Мадиярованың «ОПҚ, кафедра меңгерушілері мен декандардың бос жұмыс орындарына жарияланған байқау туралы» хабарламаларын тыңдап, талқылай келе, Ғылыми кеңес 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Оқу жөніндегі проректор А.Қ. Хикметовтің, әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор Х.А. Малаевтың, адам ресурстары және архив басқармасының басшысы А.С. Мадиярованың хабарламалары назарға алынсын.

●       «Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау жоспары туралы» бойынша:

Тапсырма

Орындаушы

Мерзімі

  1.  

Қабылдау ережесіне бакалавриатқа қабылдау квотасын енгізсін және талапкерлерге мәліметті ұсыну үшін университет сайтына ақпарат орналастырсын

Ж.Е. Жаппасов

1.07.20

  1.  

Бакалавриатқа қабылдау квотасы туралы ҚР жоғары оқу орындарының жауапты хатшыларына ақпараттық хат жолдасын

  1.  

Орта мектеп бағдарламасы негізінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының бағдарламасын әзірлесін

Т.М. Мұхитдинова,

бітіртуші кафедра меңгерушілері

31.07.20

  1.  

Қабылдау жоспарын ескере отырып, 1 курс білім алушыларын тіркеу кестесін құрсын

20.08.20

  1.  

Түсу емтиханынан өту үшін университет сайтында бакалавриат және докторантура талапкерлерін тіркеуді ұйымдастырсын

Т.М. Мұхитдинова,

Е.Б. Қыстаубаев,

Ж.Е. Жаппасов

31.07.20

  1.  

Бакалавриат пен докторантураға түсу емтихандарын онлайн режимде техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін

1-10.08.20

●       «ОПҚ, кафедра меңгерушілері мен декандардың бос жұмыс орындарына жарияланған байқау туралы» бойынша:

  1.  

Алматы қаласында коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша шаралардың күшеюіне байланысты екі кезеңде конкурс өткізсін:

1 кезең-2020 жылғы 27 маусымнан 4 шілдеге дейін;

2 кезең-2020 жылғы 3-8 тамыз аралығында

байқау комиссиясы

 

 

27.06-4.07.20;

 

3-8.08.20

  1.  

Конкурсқа қатысу үшін жоғары білікті кадрларды іріктеуге белсенді қатыссын

факультет декандары,

А.С. Мадиярова

31.08.20

10.   

Конкурсты өткізу кезінде уақытылы ақпараттандыру және ұйымдастыру-әдістемелік, техникалық көмек көрсетсін

А.С. Мадиярова

11.  Осы қаулының орындалуын бақылау міндеті бірінші проректор М.М. Бүркітбаевқа жүктелсін.

Ғылыми кеңес төрағасы                                                                    Ғ.М. Мұтанов

Бас ғалым хатшы                                                                           Л.М. Шайкенова

 

www.kaznu.kz