«Онлайн режимдегі қабылдау комиссиясының жұмысы туралы» ректораттың қаулысы

15 шілде, 2020

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ж.Е. Жаппасовтың және Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының директоры Е.Б. Қыстаубаевтың «Онлайн режимдегі қабылдау комиссиясының жұмысы туралы», адам ресурстары және архив басқармасының басшысы А.С. Мадиярованың «ОПҚ, кафедра меңгерушілері мен декандардың бос жұмыс орындарына жарияланған байқау комиссия жұмысының І кезеңінің қорытындысы туралы» хабарламаларын тыңдап, талқылай келе, ректорат Қаулы етедi:

  1. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ж.Е. Жаппасовтың, Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының директоры Е.Б. Қыстаубаевтың, адам ресурстары және архив басқармасының басшысы А.С. Мадиярованың хабарламалары назарға алынсын.

●  «Онлайн режимдегі қабылдау комиссиясының жұмысы туралы»:

  1. Оқуға түсушілерге арналған сайтқа орналастыру үшін жаңа білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат енгізілсін.
  2. ЖОО-ның өз емтиханын және емтихан материалдарын қабылдау рәсімі әзірленсін.
  3. Қабылдау комиссиясының жұмысын электрондық үкімет порталы арқылы ықпалдастырып үздіксіз сүйемелденсін.
  4. Талапкерлердің деректері e-gov базасынан және ішкі жүйеден «Универ» жүйесіне біріктірілсін.
  5. Қабылдау науқаны кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау бойынша барлық қажетті құралдар қамтамасыз етілсін және көмек көрсетілсін.
  • «ОПҚ, кафедра меңгерушілері мен декандардың бос жұмыс орындарына жарияланған байқау комиссия жұмысының І кезеңінің қорытындысы туралы» хабарламасы бойынша:
  1. Университет сайтында бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастырылсын.
  2. Құжаттарды қабылдау электрондық форматта жүргізілсін.
  3. ОПҚ байқауының екінші кезеңі ұйымдастырылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылау міндеті бірінші проректор М.М. Бүркітбаевқа жүктелсін.

Ректор                                                                                                    Ғ.М. Мұтанов

www.kaznu.kz