МАЯ БАҒЫСБАЕВА АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ
1 наурызда Бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде ҚазҰУ қалашығының негізін қалаған реформатор тұлға Өмірбек Жолдасбековтің жары, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағысбаева Мая Мұхаммед Алиқызының атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы болды. Профессор атындағы аудиторияның тұсауын игі шарағаұйытқы болған ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен замандасының қайраткерлігін ұлықтай келген КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегеновакесті.
Бибігүл Ахметқызы Мая Бағысбаева университетте қызмет еткен жылдары онымен жиі араласып тұрғандығын, өзара бас қосып, сол кезде, әсіресе болашақ ана – қыз бала тәрбиесі туралы кеңінен кеңескендерін айта келе: “Мая – өте ұлағатты адам. Оның аналық қасиетібиік болатын. Сол қасиеті оның отбасын үлгілі етті. Ол – академик Өмірбек Жолдасбековтің жары. Екеуі де ұлағатты жандар. Бүгінде ұрпақтары олардың ізін жалғап отыр”, - деді. Алаштың бұлбұлынан кейін Мая Мұхаммед Алиқызының қайраткерлігі, ұстаздығы, еңбек жолы турасында айтылған естеліктер легі жалғаса берді. Кейінгі ұрпаққа өлшеусіз асыл мұра қалдырған ұстаз жайлы ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы: “Ұлағатты істі ұлықтауда естеліктер түрлі болады. Ол кітап болуы мүмкін немесе мемориал, ескерткіш тақта болауы мүмкін. Ендеше біз бүгін ғылыми, тәрбиелік маңызы бар естелікке куә болып отырмыз. Профессор Мая Бағысбаева осы шаңырақта өз шәкірттерін қанаттандырып, келбетін қалыптастырып кетті. Бұл аудиторияда ол зертханалық жұмыстармен айналысып, ғылыми мектеп орнатты. Ендеше мұндай аудиторияның ашылуы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мая Бағысбаева еңбектерін әдебиетпен байланыстыратын болсақ, академик Өмірбек Арысланұлының тұлғасы да осы аудиториямен байланысы бар”, - деп атап өтті.
Өмірден өтсе де, өшпес мұра қалдырған ғалым еңбегінің бұлайша ұлықталуы ұстаз еңбегінің мәңгілік екендігін айқындатады. Салтанатты ашылу рәсімінеҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов, филология факультетінің деканы, профессор Қансейіт Әбдезұлы жәнеуниверситеттің көптеген ғалымдары қатысты. Тұсаукесер барысында филология факультетінің 1 курс студенті Бекзат Сымадияров Мая Бағысбаева рухына арнау оқыса, осы факультеттің 2 курс студенті Джанетта Шанпилова қобыз үнін шырқатты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі