ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫ

22 шілде, 2020

 

2 мамыр 2019 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да малайзиялық ZICO Shariah Advisory Services компаниясы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Экономика және бизнес жоғары мектебі және Исламдық қаржы орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың Жол картасын әзірлеуге бағытталған Ислам Даму Банкінің грантын алды. Кеңес беруші ретінде әлемдегі ислам экономикасы мен исламдық қаржыландыру бойынша стратегиялық құжаттарды дайындау саласында үлкен тәжірибесі бар Zico Shariah Advisory Services малайзиялық компаниясы іріктеліп алынды.

 

 

 

 

Мәселелерді талқылауға Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, Исламдық қаржы орталығының директоры және факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ АХҚО мен ZICO Shariah Advisory Services шақыртылған тараптары қатысты. Кездесу аясында қаржы нарығының, оның ішінде исламдық қаржыландыру нарығының ағымдағы жай-күйі мәселелері қаралды, олардың негізінде консультанттар Қазақстан Республикасында Ислам қаржы индустриясын дамыту жөнінде ұсыныстар бере алады.

Өзінің кіріспе сөзінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы э.ғ.д., профессор Сагиева Р.К   біздің экономикамыз үшін, атап айтқанда қаржы секторы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау экономика өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылатынын атап өтті.

ZICO Shariah Advisory Services менеджері Ю Чи Лун Қазақстандағы ислам қаржысының даму перспективаларын, оның қаржы секторын тұрақтандырудағы рөлін атап өтті, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесі негізінде одан әрі жұмыс істеу үшін бірнеше бағыттарды ұсынды.

 

 


АХҚО исламдық қаржыландыру департаментінің бас менеджері Мадина Тукулова АХҚО аясында ислам қаржысының даму ерекшеліктері туралы сөз сөйледі. Қазақ ұлттық университетінің Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы ислам қаржысының дамуы мен ілгерілетудегі рөлі туралы айтты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Исламдық қаржы және қаржылық талдау орталығының директоры Қуанова Лаура Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағытын дамытатын ел аумағындағы жалғыз орталықтың негізгі міндеттерін түсіндірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші қазақстандық университет ретінде АХҚО және катарлық Хамад Бин Халифа Университетімен ынтымақтастықта ислам қаржысының бағытын белсенді дамытады. Бұл кездесу ел үшін стратегиялық маңызды бағытты – ислам қаржысының дамуын ілгерілетудегі тағы бір қадам болды.