АХҚО Бюросы исламдық қаржыландыру біліктілігін халықаралық сертификаттауға дайындық курсының жаңа маусымын бастайды

22 шілде, 2020

 

Құрметті достар, АХҚО Бюросы Алматыда исламдық қаржыландыру біліктілігін халықаралық сертификаттауға дайындық курсының (Chartered Institute for Securities and Investment) жаңа маусымын бастайтындығын хабарлаймыз!

 

IFQ - бұл исламдық қаржыландыруды техникалық жағынан да, шариғат тұрғысынан да қарастыратын ғаламдық біліктілік. Ол шариғаттың бизнес контекстіндегі әсері туралы түсінік береді және исламдық қаржыландыру және Такафул (исламдық сақтандыру) саласындағы жетекші лауазымдарға үміткерлер дайындайды.

 

Тренері – Әділбек Рысқұлов.

-                     «Аль-Сакр Финанс» АҚ-ның шариғатты сақтау бөлімінің бастығы;

-                     Қазақстан Республикасындағы Исламдық сақтандыру туралы заңнамалық түзетулерді әзірлеушілердің бірі;

-                     исламдық қаржыландыру саласында 10 жылдық тәжірибесі бар және сондай-ақ осы салада оқытушылық тәжірибесі бар;

-                     исламдық қаржыландыру саласындағы BCPD бағдарламаларының жетекші тренерлерінің бірі;

-                     осы салада көптеген дипломдар мен сертификаттарға ие;

 

Курс күндері: наурыз 3,5,7,10,12,14,17,19,24,26.

Курса ұзақтылығы- 30 сағат.

Оқыту тілдері - ағылшын және орыс.

Оқу құны - 80 000 теңге (емтиханға тіркелу құны қосылмайды).

Бұл курста оқығысы келетіндер АХҚО-ның шартты гранттар бағдарламасына қатыса алады.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- исламдық қаржыландыру туралы негізгі білім;

- ағылшын тілін білу деңгейі Upper Intermediate-тен төмен емес.