Экономика және бизнес жоғары мектебі ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары 5-ші Қазақстан-Катар жоғары деңгейлі бірлескен комиссиясының сарапшылар тобының отырысына қатысты

22 шілде, 2020

 

Біз бұл жаңалықты ұзақ күттік! Экономика және бизнес жоғары мектебі ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары, PhD докторы Жидебекқызы Ақнұр 5-ші Қазақстан-Катар жоғары деңгейлі бірлескен комиссиясының сарапшылар тобының отырысына қатысты. Үкіметаралық комиссия 2020 жылғы 13-14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеді. Тараптар Катар эмирі шейх Тамима бен Хамада әль Танидың 2020 жылдың наурыз айында Қазақстанға жоспарланған сапарын, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, банктік және білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Хамад бин Халифа университетімен (Катар қорының құрамындағы) одан әрі ынтымақтастығы, Экономика және бизнес жоғары мектебінің негізінде құрылған исламдық қаржы орталығын дамыту, исламдық қаржыландыру бойынша қос дипломды бағдарламаны енгізу мүмкіндігі қарастырылды. Сондай-ақ «Білім» саласындағы сарапшылар тобының жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Катардың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің, Катар Білім министрлігінің, Катар Даму қорының, Назарбаев Университетінің және АХҚО-ның өкілдері қатысты.

 

Комиссия жұмысының басты жетістігі ретінде Қазақстан азаматтарына Катардың жоғары оқу орындарында білім алу үшін оқу гранттарын беру туралы жасалған келісімді атап өтуге болады.