«Исламдық қаржы» мамандығының докторанты мақтанышпен FRM атағына ие болды!

23 шілде, 2020

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Біздің «Исламдық қаржы» мамандығының 1-ші курс докторанты, АХҚО-ның сертификатталған тренері Әділбек Рысқұлов қаржыгер ретінде өзінің мансабындағы тағы бір шыңын бағындырды және мақтанышпен Financial Risk Manager (FRM®) атағына ие болды!

 

Financial Risk Manager (FRM®) - бұл бүкіл әлемге танымал және қаржылық тәуекелдерді басқару саласындағы мамандар үшін ең танымал сертификаттау. Әлемнің барлық дерлік банктері мен фирмаларында тәуекелдерді басқару бойынша мамандар сұранысқа ие болып табылады.

 

Бағдарлама тәуекелдерді басқару, инвестицияларды басқару, қаржылық талдау, активтер, облигациялар және туынды қаржы құралдармен байланысты көптеген кең аядағы тақырыптарды қамтиды.

 

FRM сертификаты екі тестті (FRM Part I и Part II) сәтті тапсырған және тәуекелдерді басқару, қаржылық талдау және қаржы секторының тиісті салаларында кемінде екі жылдық тәжірибесі бар үміткерлерге беріледі.