Мақатаевтың 80 жылдығына арналған байқау өтеді
2 наурыз, 2011

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!»- деп жырлаған қазақтың ақиық ақыны Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойы университетімізде факультетаралық байқау ретінде тойланғалы отыр. Кешті «Жеті муза» қоғамының поэзия бағыты ұйымдастырады. Факультетті өкілділік ететін топтар сахналандырылған поэзиялық көрініс – ақынның белгілі бір шығармасының мазмұнын көрініс арқылы ашу; ақынның сөзіне жазылған әндер кезеңі; ақынның өмірбаянынан викториналық сұрақтарсияқты кезеңдерде бақ сынасады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

5 мамыр, 2025

5 мамыр, 2025