2008 жылдың 23-қазанында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының Жастар рухани орталығында Республика күніне орай Неміс тілі клубы өз жұмысын бастады. Клубтың алғашқы отырысын ф.ғ.к., шет тілдер кафедрасының доценті Котиева Людмила Мұратқызы жүргізді.
Отырысқа неміс тілін оқитын халықаралық қатынастар, тарих және университеттің басқа да факультеттерінің студенттері қатысты. Сондай-ақ клубтың отырысына басқа да кафедралардан неміс, француз тілдерінің оқытушылары шақырылды. Студенттер «Kasachstan - mein Heimatland!» тақырыбында неміс тілінде дайындалған өз баяндамаларын оқыды.
Неміс тіліндегі кішігірім кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Отырыстың соңында студенттер мен оқытушылар клубтың жұмысы жайлы өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.
Тілдерді дамыту бөлімі.