Махатма Гандидің туған күніне арналған фото көрме өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде үндістандық саяси және қоғам қайраткері, Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері мен идеологтарының бірі Махатма Гандидің туған күніне арналған фотокөрме өтті.
Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ыхтияр құттықтау сөзімен қатар Махатма Гандидің «зорлық-зомбылықсыз қарсылық» саясатының Үндістан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңыздылығын сипаттады.
Ерекешева Лаура Гибратовна тарих ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Махатма Гандидің өзінің саяси қызметіне идеологияның арнайы әдістерін енгізуі, саяси жетекші ғана емес, сонымен қатар индуизмнің реформаторы, модернизаторы болу туралы баса айтты. Сондай-ақ, ол фотокөрме Гандидің өмірі мен шығармашылығымен қатар жеке елдің ғана емес, сонымен қатар әлемнің көпшілігінің тарихы туралы, бұрын отаршылдығымен тәуелсіздік алған жүйенің тарихы туралы баяндайтынын атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесі әлеуметтік желілерде дайындалған және жарияланған бейнеклип болды. Бейнеклип Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлiмiнің меңгерушiсi Таирова Д.Н. ұйымдастыруымен студенттерге онлайн форматта көрсетілді, сонымен қатар назар аудару ретінде Үндістан Республикасының Елшілігіне жіберілді.
Видеоны сілтеме арқылы көріңіз: https://www.youtube.com/watch?v=5_LGbEdt-90