Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшылар конкурсы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің үйлестірушісі болып белгіленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес, үйлестіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде сарапшыларды тартады.
Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сарапшыларды байқауда іріктеуге, қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлесін қосуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 9 қазан сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен, қажетті құжаттар тізбесімен, сарапшыларды іріктеу кезеңдерімен, тестілеу қағидаларымен және құжаттарды қабылдау орындары туралы ақпаратпен мына жерде танысуға болады:
Байқауға қатысушылардың тізімі.doc