АБАЙ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕУ

10 қазан, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деген еді. Абайдың ел тарихындағы орны айрықша, ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы рөлі ерекше. Ұлттың рухани жаңғыру үрдісінің өзегі – ақын мұрасын терең зерделеу – саналы ұрпақтың ұлы мұраты.

2020 жылдың 9 қазан күні қазақтың Бас ақыны – Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӘЛЕМІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЖАСТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция өтті. Конференция Cisco Webex Meetings онлайн платформасында жүрді.

Конференцияның ашылу салтанаты Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен ғибратты ғұмырына арналған арнайы деректі фильмммен басталды және ф.ғ.д., ҚР ҒҰА корреспондент мүшесі, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы Джолдасбекова Баян Өмірбековна мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Бейсенбай Ардақ Бахытұлы қатысушыларды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары, жас ғалымдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жан-жақты талдауға бағытталған баяндамаларын оқыды.

Конференция жұмысы «Лингвистика және лингводидактика мәселелері» (модератор – жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доцент м.а., PhD доктор Камар Сагингалиевна Алдашева) және «Әдебиет және халықаралық коммуникация» (модератор – шетел филология кафедрасының доцент м.а., PhD доктор Гүлшат Зейнелқабиденқызы Бейсенбаева) деп аталатын екі секцияда жалғасын тапты.

«Лингвистика және лингводидактика мәселелері» секциясында Абай өлеңдерінің тілдік ерекшеліктері, ақын шығармаларын оқытудың лингводидактикалық проблемалары, М. Әуезовтің «Абай жолы» романын талдау, Абай шығармалараның өзге тілдегі аудармаларына тән ерекшеліктер сияқты тақырыптармен қатар, қазіргі қазақ тілтанымының өзекті мәселелері бойынша терең мазмұнды баяндамалар жасалды.

«Әдебиет және халықаралық коммуникация» секциясының жұмыс барысында жас ізденушілер Абай шығармаларының әдеби әлеміне терең талдау жасап, ақын мұрасын жастар арасында насихаттаудың озық үлгісін танытты.

Конференция барысындағы тағы бір маңызды сәт – қатысушы жас ғалымдар Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқып, ақынның терең философиялық ойларына назар аударды.

Конференцияның жабылу салтанатында әр секция бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды, атап айтқанда:

Пленарлық мәжіліс бойынша: 

1 орын – Шишковский Станислав, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының доценті Сабитова Лейля Сейтжапарқызы;

2 орын – Сарсенова Балнур, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары Досанова Альбина Маратханқызы;

3 орын – Айтқазы Мәдина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филологиясы кафедрасының доценті Бейсенбаева Гульшат Зейнелкабиденовна.

Лингвистика және лингводидактика мәселелері» секциясы бойынша: 

1 орын – Малшы Мөлдір, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-ші курс докторанты, ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі профессоры Мадиева Гульмира Баянжановна;

2 орын – Мамыр Ақерке, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Қазақ ұлттық университетінің доцент м.а. Кузембекова Жанна Жалайыровна;

2 орын – Ахметова Гульнара, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филологиясы кафедрасының докторанты, ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгуль Ермекқызы Біжкенова;

3 орын – Ибраева Анель, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филологиясы кафедрасының доценті Кенжетаева Гулзира Қабайқызы;

3 орын – Турсынова Дана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының доценті Сабитова Лейля Сейтжапарқызы;

3 орын – Сламбек Жанбота, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының доценті Жуманбекова Нуркеш Зейнулловна;

Әдебиет және халықаралық коммуникация» секциясы бойынша: 

1 орын – Шагирова Лаура, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті;

2 орын – Байман Ақерке, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті;

2 орын – Райхан Мәдина, Тараз инновациялық-гуманитарлық универсиетінің студенті;

3 орын – Қалдыбекова Салтанат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доцент м.а. Кузембекова Жанна Жалайыровна;

3 орын – Ким Татьяна, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 4 курс студенті;

3 орын – Балғабайқызы Перизат, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2 курс студенті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалған баяндамалар жас ізденушілердің ғылыми-зерттеушілік әлеуетінің жоғары екендігін әрі ұлы ақын Абайдың әдеби-рухани бай мұрасын келешек ұрпаққа насихаттау ісінде жас буынның қайрат-жігерін танытты.

Конференцияның жабылу салтанатында ф.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Баянжанқызы Мәдиева мен ф.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел филология кафедрасының меңгерушісі Айгүл Ермекқызы Біжкенова қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді.

Абай мұрасын зерделеу, тану, таныту және насихаттау – аға буыннан бүгінгі жастарға мирас болған ұлы мұрат. Бұл келелі істі келер ұрпаққа аманаттау – жас буынның алдындағы маңызды міндет. Абай есімі қазақтың ұлттық санасында мәңгілік жаңғыра берері сөзсіз.