Педагогикалық практика бойынша анықтамалық конференция
2020 жылдың 17 қыркүйегінде биофизика және биомедицина кафедрасының 5В011300-Биология (педагогика), 5В060700-Биология (ғылыми) мамандықтарының 3-4 курс студенттері мен практика жетекшілерінің қатысуымен қашықтықтан оқыту форматындағы педагогикалық практикаға арналған бағдарлы конференция өткізілді.
Конференция Zoom бағдарламасы бойынша өтті.Кездесуге биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі А.М.Кустубаева, бөлім басшысының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылайханова Н.Т және үздіксіз оқыту практикасының жетекшілері:
- педагогика және білім беруді басқару кафедрасынан оқытушылар Санбаева Б.Ж, Атем М.Н және аға оқытушы Мырзағұлова М.Д.;
- жалпы және қолданбалы психология кафедрасынан аға оқытушылар Жақыпов М.С және Сайлинова К.К.;
- биофизика және биомедицина кафедрасынан аға оқытушы Қожахметова А.Н және оқытушылар Аманбай Б.Б., Сейтқадыр Қ.Ә., Малибаева А.Е., Қалдықараева А.Т. қатысты.
Конференцияда күрделі эпидемиологиялық жағдайда үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен жүргізудің шарттары, ережелері жарияланды, ұйымдар (мектептер, лицейлер) практика базасы ретінде аталды және биофизика және биомедицина кафедрасынан педагогикалық практиканың әдіскер-жетекшілері тағайындалды.
Пандемия жағдайында студенттердің де, мектеп оқушыларының да оқу процесі өзгерді. Осыған байланысты педагогикалық практиканың жаңа форматы енгізілді, онда студенттер оқушыларға арналған тапсырмаларды әзірлейді, видео сабақтар түсіреді, бейнеконференция арқылы сабақтарға қосылады, бақылайды, талдайды, сонымен қатар мұғалімнің тікелей қатысуымен сабақ өткізеді. Көптеген студенттердің пікірінше, мұндай фарматтағы оқыту әдісі – мүлдем жаңа тәжірибе және кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытудың тамаша мүмкіндігі.
Конференция барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі толық жауаптар ала білді.