Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа

13 қазан, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты дамуы бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы онлайн өткен «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл даму» саласындағы әлеуметтік серіктестік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты А. Карповтың қоғамдық қабылдау бөлімі және басқалары қатысты.

Пленарлық отырыста тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» серпінді жобасын іске асыру» тақырыбында баяндама жасады.

Секциялық жиындарда оқытушы-профессорлық құрам Г.Танабекова, Р.Ященко «Hyponomeuta malinellus Zell. Іле мен Жоңғар Алатауындағы Сиверс алма ағашының (Malus sieversii) зиянкесі ретінде» тақырыбында, Г. Садырова, Т. Базарбаева, А. Омарғазиева «Алматы қаласының қалалық флорасының биоалуантүрлілігі» тақырыбында баяндама жасады.

Шараны Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты А.Е. Карповтың қоғамдық экологиялық қабылдауы, Тюмень индустриалды университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Эко-Көкше» экологиялық орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырушылық етті.

www.kaznu.kz