СТУДЕНТТЕРДІҢ XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАСЫ
2020 жылғы 16 қазанда тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 5В020300 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада Еуразия ұлттық университеті базасында алғаш рет онлайн форматта өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды жастардың шығармашылық қабілетін ашып қолдау көрсету, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге тарту, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Олимпиаданың негізгі міндеттерінің бірі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болса, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты қозғалған өзекті мәселелер ғұламаның қалдырған мұрасымен ұштасып жатты.
Олимпиаданың бірінші кезеңі қатысушы командалардың өздерін «Таныстыру» бейнебаянынан басталды. Ал екінші кезеңі «Интеллектуал» деп аталып, 2 кезеңнен тұрды: 1) «Капитандар конкурсы»; 2) «Шығармашылық Challenge». Үшінші кезеңде үй тапсырмасына берілген «Абай мұрасы және қазіргі жастар» атты ғылыми жобалар бағаланды.
Тартысты өткен дәстүрлі додада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан қатынасқан «Абадан» командасы жүлделі 2 орынға ин болды.