2020 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ПОҚ, атап айтқанда кафедра меңгерушісі Т.А. Базарбаева, доцент Р. А. Алыбаева, оқытушы А. А. Ошақбай "Экосервис-С" ЖШС филиалының басшылығымен С. А. Асқаровпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде филиалдың оқу-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми бағыттар бойынша жұмыстары, магистранттардың тәжірибеден өтуі және бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ ПОҚ мен магистранттардың ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыс жоспары талқыланды.
Ғылыми зерттеулер жобалары бойынша ғылыми тәлімгерлікті дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде ғылым мен инновациялық өндірістің интеграциясына атсалысу мәселесі қаралды.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының
оқытушысы Ошақбай А.А.