«Невада-Семей» ядролық сынаққа қарсы
«Невада-Семей» жастар ұйымының белсенділері халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» ұйымымен бірлесе отырып Қазақстан жеріндегі жарылыстың соңғы күнін атап өту мақсатында «ХАҚ «Невада-Семей» және оның жетекшісі О. Сүлейменовтің Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарды тоқтатуда және Семей ядролық полигонын жабылуындағы шешуші рөлі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктері қарастырылды.
Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Зуслин, жауапты хатшысы Алия Бекмагамбетова, ядроға қарсы қозғалыстың ақсақалдары, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Шара ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Тұрсынқұл Базарбаеваның алғы сөзімен басталды. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының бірінші вице-президенті Эфим Зуслин: «Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ядролық жарылыстарды тоқтата алды. Өскелең ұрпақ алдына жаһандық мақсаттар – ядролық қаруды өсіруді тоқтатуға қол жеткізу және еркін әлемде өмір сүруді қойып отырғанына біз қуаныштымыз».
«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагері, б.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Виктор Инюшин өз сөзінде қозғалыс көшбасшысы О.О.Сүлейменовтың шабыттандыратын және ынталандыратын рөлін атап өтті. КСРО мен АҚШ арасындағы идеологиялық текетірестің – «Қырғи қабақ соғыстың» қызған шағында Олжас Сүлейменов бейбітшілікке үндеп, «Жабайы дала» өлеңін жазды. «Егер әлем мұңаймаса-сіз де, Қазақстан да мұңаймаңыз. Әлем сенімен сыналған. Қазақстан, егер қолыңнан келсе, кешір. Сынаққа тыйым салу жасасын!"- деп жазды О. Сүлейменов. Ақынның терең ойлы жолдары мен шынайы істері бүгінгі күні елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын және «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысын қолдауға дайын қазақстандықтарды шабыттандырады.