Қазақстан териофаунасының анықтағышы

23 қазан, 2020

Ұсынылып отырған Есжанов Е.Б. «Қазақстан териофаунасының анықтағышы» / Есжанов Е.Б., Мұсабеков Қ.С. - Алматы: Қазақ университеті; 2020. – 362 б. оқу құралы кең байтақ Қазақстан территориясында мекендейтін сүтқоректілерді табиғи ортада және зертханалық жағдайда анықтау жолдары көрсетілген бірден-бір мемлекеттік тілде жарияланған толыққанды еңбек болып табылады.

Анықтағышта Қазақстанда кездесетін 180-нен аса сүтқоректілердің түрлерінің отрядқа, тұқымдасқа, туысқа тән систематикалық белгілері көрсетілген. Сонымен қатар әр түрдің қысқаша сипаттамасы мен түрлі-түсті суреттері берілген.

Анықтағыш «Омыртқалылар зоологиясы», «Жануарлар алуантүрлілігі», «Териология», «Зоологиялық зерттеулер әдістері» пәндері бойынша кіші және үлкен практикум сабақтарында, осы пәндер бойынша оқу-дала практикасы кезінде жергілікті териофаунаны анықтау үшін пайдаланылады.

Анықтағыш оқу құралы жаңа заман талаптарына сәйкес ашылып жатқан зерттеу университеттері мен барлық классикалық университеттердің «Биология», «Биотехнология», «Биология-педагогика», «Балық шаруашылығы», «Экология», «Аңтану және аң өсіру» мамандықтары бойынша білім алушыларға, жануарлар әлеміне қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz