Денсаулық әліппесі. Абайлаңыз: коронавирус!
2020 жылдың 17 қазанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Глобус" мәдениетаралық коммуникация клубы жоғары деңгейдегі шетел студенттері үшін "Денсаулық әліппесі. Абайлаңыз: коронавирус!" атты "Салауатты өмір" жобасы аясында тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты - шетелдік студенттерді аурудың пайда болу ерекшеліктері, берілу жолдары, инфекциямен күресу әдістері және инфекцияның алдын алу шаралары туралы хабардар ету. Іс-шара барысында оқытушылар тыңдаушыларға вирусты жұқтыру жолдары, аурудың белгілері және аурудың алдын алу мүмкіндіктері туралы тағы да еске салды. Алдын алу шараларын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Онлайн іс-шара барысында мультимедиялық құралдар пайдаланылды. Оқытушылардың хабарламалары бейнеролик пен презентацияны көрсетумен сүйемелденді. Соңында шетелдік студенттер коронавирус туралы жадынама алды.