Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің ғалымдарының Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғалымдар делегациясымен кездесуі өтті

26 қазан, 2020

21.10.2020 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің ғалымдарымен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы бастаған ғалымдар делегациясымен кездесу өтті. Кездесу отырысын биология және биотехнология факультетінің деканы академик Заядан Болатхан Казыханұлы факультет жайлы қысқаша мәлімет беріп, таныстыру алғысөзімен бастады. Бұл кездесуде оқу және ғылыми қызмет аясындағы ынтымақтастыққа қатысты түрлі мәселелер қаралып, талқыланды.

Кездесу барысында, биотехнология кафедрасы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты арасында, докторантура мен магистратура бойынша «Вирусология» білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу мақсатында ынтымақтастық жөнінде екі жақты келісімге қол қойылды. Докторантура бойынша "Вирусология" білім беру бағдарламасының үйлестірушілері болып б.ғ.к., доцент Қайрманова Г.К., в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абеуов Х.Б., ал магистратура бойынша б.ғ.к., доцент Бержанова Р.Ж. және в.ғ.к., профессор Кыдырбаев Ж. болып тағайындалды.

Сонымен қатар, екі жақ тараптар қазіргі уақытта еліміз үшін өзекті ғылыми жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша коллоборацияның мүмкіндіктерін талқылады.