Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың магистранттары ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтуге келді

11 наурыз, 2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындары үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесінің орталығы болып табылады. ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты 2011 жылдың 3 наурыз айында ҚазҰУ-ға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистранттары ғылыми-зерттеу тәжірибелерін «6M020500-Филология» мамандығы бойынша жалпы тіл білім кафедрасының оқу-тәжірибелік зертханасына әлеуметтік және психолингвистикалық зерттеулер қорына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білім кафедрасының меңгерушісі профессор Г.Б. Мадиеваның жетекшілігімен тәжірибеден өтуге келгенін хабарлайды.

Магистранттардың зерттеу тәжірибесінің мақсаты жиналған ақпараттарын қорытындылап, «Концепт «Адам» және оның түрлі түсті әлем көрінісіндегі шағылысуы (ахроматикалық түстер) орыс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі» және «Қазақстанның корей азаматының тілдік көрінісі (Жамбыл облысының деректері негізінде)» атты тақырыптарындағы өңделген ақпаратты диссертацияларына әзірлеп дайындау.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі