2020 жылдың екінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 20-ші саны жарыққа шығады.
Қазақ, орыс,қырғыз, украин, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми жұмыстар байқау негізінде қабылданады.
20-ші санға мақала берудің мерзімі - 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін.
Ғылыми мақалалардың жинағы жылына 2 рет жарияланады.
«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 19-ші саны 2020 жылдың шілде айында жарық көрді. Жинақта медиа сауаттылық және медиа білім беру, PR, коммуникация және гуманитарлық ғылымдар бойынша мақалалар жарияланған және әртүрлі мемлекет жастарының қызықты шығармалары жазылған «Жастардың ғылыми шығармашылығы» туралы арнайы тарау бар.
19-ші санда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Израиль елдерінен мақалалар қазақ, қырғыз, орыс, украин және ағылшын тілдерінде жарық көрген.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
Жеті беттен аспайтын мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімдегі редакторында электронды нұсқада, Times New Roman қаріпте, 14 көлемдегі қаріппен, бір интервалда ұсынылуы қажет.
Мәтін редакцияланған, автордың қолы қойылған болуы керек, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен қызметі, телефон номері, мемлекеті толық көрсетілуі қажет.
Міндетті түрде: түйін сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңдатпа.
Жұмыстар төмендегі e-mail - ге қабылданады:
Бас редактор, профессор Л.С. Ахметова