Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет THE WUR by Subject рейтингіне кірді
«THE WUR by Subject-те 11 пән бойынша әлемнің 1500-ден астам үздік университеттері зерделенді. Жаһандық рейтинг әдіснамасы көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің түйінді салаларын көрсететін 13 басты индикатор негізінде жасалады.
Рейтингті жасауға арналған мағлұматтар үш дереккөзден жиналады, олар: статистикалық ақпарат, Scopus библиометрикалық базасы және академиялық сарапшылардан сұрау. Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жетекші университет өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты және THE WUR by Subjec позициясын нығайтты.
Рейтингте ҚазҰУ-дың бизнес және экономика саласындағы мамандықтары (501-600), инженерия (601-800), физикалық ғылымдар (801-1000) сондай-ақ, әлеуметтік ғылымдар (601+) бойынша мамандықтар аталды.
ҚазҰУ 2020 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижелері бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде 165-ші орынға ие болып, әлемнің үздік 200 ЖОО-ның қатарына енгенін атап өткен жөн. ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді.
Зерттеу университетіне айнала отырып, жетекші қазақстандық ЖОО басқа да әлемдік деңгейде мойындалған рейтингтерде серпінді ілгерілеуді жалғастыруда», - дейді Kaziform журналының редакциясы.