ҚазҰУ стадионында ойшылдың 1150 жылдығына арналған әл-Фарабидің портреті жасалды

31 қазан, 2020

Алматының жас суретшілері күзгі сарғайған жапырақтардан әл-Фарабидің портретін жасап шығарды. Мөлшері 1600 шаршы метрді алып жатқан портрет Қазақ ұлттық университетінің стадионында пайда болды.

Суретшілерге еріктілер мен достары көмектескен - барлығы он адам. Олар бірлесе отырып мұны бір күнде жасаған. Бұл портретті тек құс ұшатын биіктіктен ғана көруге болады. Портрет бүкіл стадионды алып жатыр – яғни, футбол алаңының көлеміндей. Ол тек күзгі жапырақтардан ғана төселіп жасалған.

Идеяның авторы – Джохар Юнусов. Ол өз туындысын әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнады. Авторлардың айтуынша, жұмыс барысында шамамен 150-ге жуық қап үйеңкі жапырақтары мен басқа ағаштардың жапырақтары қолданылған.

 

Дереккөз: https://24.kz/ru/news/culture/item/433091-portret-al-farabi-iz-osennikh-listev-sozdali-v-almaty

📰https://youtu.be/NwffNgU3jQU