Саха Республикасы ғалымдарымен онлайн кездесу
Үстіміздегі жылдың 30 қазан күні М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Ресей Федеративтік университеті жанындағы Тілдер және мәдениет институт ұжымы мен Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының ұжымы арасында онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сахалардың жетекші университетімен білім-ғылыми кеңістікті дамыту.
Онлайн кездесуді Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре ашты және қатысып отырған сахалақ ғалымдарға жылы лебізін білдірді. Институт директоры филол.ғ.к., доцент Гаврил Григорьевич Торотоев Институттың академик М.К.Аммосовтың аталуы туралы және болашақта екі университетке қатысты білім-ғылым мәселері бойынша жоспарлармен бөлісті. «Якут тілі» кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к. Дария Ивановна Чиркоева саха тілінің тарихы мен қазіргі жетістіктері туралы қысқаша әңгімелеп берді. Сондай-ақ екі кафедра арасында бірлесіп өтетін шаралар туралы сөз қозғады. Кездесуде филол.ғ.д., проф. Светлана Митрофановна Прокопьева қосдипломдық білім беру бағдарламасына ерекше қызығушылық танытып, алдағы уақытта «осы мақсат жүзеге асса» деген тілегін білдірді. Сахалық ғалымдардың сұрағына Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD Үміт Қыдырбаева жауап берді, сахалық ғалымдармен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтты.
Тілдер және мәдениет институт ұжымының ұстаздары Матрена Попова, Евдокия Софроновна, Людмила Ефимова, Анастасия Шамаевалар да Түрксой кафедрасының ғалымдарымен танысқандарына қуаныш білдірді, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істейтіндіктеріне сенім білдірді. Кездесу соңында факультет деканы PhD Ықтияр Палтөре кездесуде айтылған ұсыныстарға қолдау білдірді және ұжым атынан рахмет айтты. Кездесуді осы М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Федеративтік университетінің түлегі, Түрксой кафедрасының аға оқытушы Марат Рыскұлов жүргізді.