Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер
14 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжілісінде ҚазҰУ оқытушысы мен қызметкерінің ұжымдық мәдениетінің кодексі, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро ұсыныстары мен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 20 инновация туралы тақырыптар қаралды.
Тілдердің және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева өз баяндамасын «ҚазҰУ оқытушысы мен қызметкерінің ұжымдық мәдениетінің кодексіне» арнады. Жасалған жұмыстар мен кафедраларда талқыланған нәтижелі жетістіктерге тоқталып, дегенмен әлі де бір қарауды талап ететін тұстарын атап айтты. Құжаттың аталуы жөнінде, құжатта кездесетін артық тұстарын қысқартуды, негізгі түсініктемелер мен мазмұнына әлі де толықтырулар мен өзгертулер енгізу керектігіне тоқталып, ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексінің жобасын ұсынды.
Ректорат мәжілісіне студенттер осы жолы бірінші рет қатысып, өз ойларын ортаға салды. Болондык процесс бойынша студенттік бюро студенттің өзін-өзі басқару жұмыстарымен Қайыржан Меңдіғалиев жетекшісі таныстырды. Бюро мүшелері ректорат мәжілісіне толық қатысып, әрқайсысы 2011 жылға алдағы мақсат-міндеттерімен таныстырды. Студенттік бұл жоба ҚазҰУ-да 2009 жылдан бері өз жұмысын атқарып келеді. Әрқайсысының белгіленген қызметі де нақтыланған. Мысалығ, Ординатор институтында – бірінші курс студенттеріне жоғарғы курс студенттері тарпынан көмек көрсетілсе, «I am student» бөлімі шетелдік студенттердің ҚазҰУ-ға бейіделуіне арналған қоғамдастығы болып табылады. Сондай-ақ, «Антишпора» жобасын ұсынды. ҚазҰУ студенттері оқу барысында белсенділік танытып, алдағы уақытта да оқытушылармен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендерін айтты.
Күн тәртібіндегі келесі қаралған мәселе, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 20 инновация атты тақырыпта ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов сөз алды. Өз сөзінде «2011 жылдың 25 ақпандағы жиналыста ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына – 20 иннвация» ұсынысын айтқан еді. Осы орайда күні бүгінге дейін 111 жоба тіркелді. Оның ішінде, гуманитарлы сала бойынша – 37, жаратылыстану ғылымдары бойынша – 74. Мамыр айында бірінші жоба іске асса, ал барлығы осы жылдың 20 желтоқсаны Тәуелсіздік күніне орай өз нәтижесін бермек деп атап өтті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі