"Логистика" және "Маркетинг" мамандығы бойынша V Халықаралық сырттай студенттік олимпиада»

13 қараша, 2020

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы

«Логистика» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша

«ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында

V Халықаралық студенттік сырттай олимпиада

өткізілетінін хабарлайды

 

V Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға (бұдан әрі-Олимпиада) күндізгі оқу нысанының 2-3 курс жоғары оқу орындарының «Логистика», «Маркетинг» мамандықтарының студенттері қатыса алады.

Олимпиада келесідей өтеді: қатысушылар мамандық аясында тақырып бойынша орындалған тапсырмаларды жібереді

№1 тапсырма: олимпиада тақырыбына эссе жазу;

№2 тапсырма: олимпиада тақырыбы бойынша жоба дайындау.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған әр мамандық бойынша 6 команда іріктеледі.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар дипломдармен марапатталады:

  • ·        I орын үшін – I дәрежелі диплом (1 командадан артық емес);
  • ·        II орын үшін – II дәрежелі диплом, (2 командадан артық емес);
  • ·        III орын үшін – III дәрежелі диплом, (3 командадан артық емес).

Барлық орындалған тапсырмалар ұйымдастырушыларға электрондық пошта арқылы бір хатпен жіберілуі тиіс, оның тақырыбында: ЖОО-ның, команданың атауы, 01.12.2020 жылға дейін келесі мекен-жайға жіберілуі тиіс: olimpiada_kaznu2020@mail.ru