Сандық маркетинг дағдыларын меңгереміз
Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес-технологиялар» кафедрасы «Орталық Азия жарнама Қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп «Интернет-жарнама. Жоспарлау және орналастыру. Видеожарнама» тақырыбында «Маркетинг», «Логистика» мамандықтарының студенттеріне арналған онлайн-форматта тренинг өткізді.
«Жаңа кәсіптер атласы» және қазіргі әлемнің сын-қатерлері университеттің болашақ түлектері меңгеруі тиіс жаңа құзыреттерді айқындайды. Осыған байланысты «Бизнес-технологиялар» кафедрасы ұйымдастырып, өткізген «Интернет-жарнама. Жоспарлау және орналастыру. Видеожарнама» вебинарының маңыздылығы мен өзектілігі арта түседі.
Тренинг барысында студенттер контентті қалыптастырудың практикалық дағдыларына, тиімді коммуникациялық саясатты құруға, мақсатты аудиторияны қамтуды өлшеуге үйренді. Тренинг экономикалық процестерді цифрландыру және цифрлық маркетингтің өзектілігі мәселелерін талқылауда студенттердің белсенді қатысуымен презентация және диалог түрінде өтті.
Тренинг тақырыбы тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. «Орталық Азия жарнама Қауымдастығы» ЗТБ-мен ынтымақтастық тек тренинг, шеберлік сыныптарын өткізумен шектелмейді, ұйыммен студенттердің өндірістік практикасы туралы шарт жасалды.