Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің дамуы бойынша ҚазҰУ-да Халықаралық форум өтті

3 ақпан, 2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жуырда Қазақстан  Республикасының жоғары білім жүйесінің дамуы бойынша Халықаралық форум жұмысын аяқтады.

Форумға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Университеттердің Ұлы Хартиясының Бас хатшысы - Бастьян Бауман (Италия),  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ұлттық аккредитация орталығы және Қазақстандағы Темпус ұлттық офисінің өкілдері, 90 жоғары оқу орындарының басшылары және оқытушылары қатысты.

Форум жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың ресми құттықтау сөзі және «Қазақстан және Болон процесі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін реформалау» атты баяндамасымен ашылды. Университеттердің Ұлы Хартиясының Бас хатшысы Бастьян Бауман құттықтау сөзімен шықты:

- Қазақстан Болон процессінің барлық ережелерін орындау үстінде екенін мен көріп тұрмын. Университеттердің Ұлы Хартиясының Обсерваториясы сіздердің елдеріңіз бастаған барлық істерге қолдау көрсетеді. Біз Еуропада Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігінде алатын орны маңызды екенін түсінеміз, - деді ол.

Сонымен қатар, Бастьян Бауман Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында жасаған жұмыстарын жоғары бағалайтынын аса басып айтты.

Академик Бақытжан Жұмағұлов әріптестерімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Болон процесінің басты принциптерін ендірудегі тәжірибесімен бөлісті. Ол қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде Қазақ ұлттық университеті алғашқы болып 2003 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылғанын атап өтті. Оған қоса, ҚазҰУ - посткеңестік кеңістікте үшсатылы жоғары білім беру жүйесін жүзеге асырып отырған тұңғыш университет (бакалавр мен магистрден философия докторы PhD-ге дейін). Бүгінде университетте мамандарды дайындау процессі 183 мамандық бойынша жүргізілуде. Биылғы жылы PhD докторларының алғашқы түлектері қанат қақты. Сонымен қатар ҚазҰУ-да ИНТРАНЕТ жүйесі енгізілді.

- Даму стратегиясының негізгі шараларын сатылап жүзеге асыру Университетке Болон процесінің көптеген принциптерін енгізуге, әлемнің әртүрлі университеттерімен әріптестік қарым-қатынастар орнату жолында жол ашатын шынайы реформалар жасауға мүмкіндік береді, - деп, еліміздің ұлттық бас жоғары оқу орнының ректоры сөзін қорытындылады.

Университеттердің Ұлы Хартиясының жетекшісіне форум барысында қазақстандық жоғары оқу орындарының кредиттік технология мен басқа да заманауи технологияларды енгізудегі жетістіктер көрмесі көрсетілді.

Университеттердің Ұлы Хартиясының Бас хатшысы Бастьян Бауман жоғары оқу орындарының ректорларымен Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою жөнінде келіссөз жүргізіп, форум жұмысы қауылдың қабылдануымен аяқталды.

 

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі