Педагогтарға арналған медиа сауаттылық

16 қараша, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспа ісі және электронды БАҚ кафедрасы, Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында (MIL), Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы өкілдерінің қатысуымен «Дезинфемияға қарсы іс-қимыл: БАҚ және барлығына арналған ақпараттық сауаттылық» шарасын өткізді.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын онлайн өткізу идеясын қолға алған п.ғ.д., профессор, Баспа және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева. Бұл Орталық Азия аймағындағы әріптестерімен өткен алғашқы кездесу емес. Барлығына таныс, қысқы мектеп, жазғы мектеп - кафедра көптеген бағыттармен және мектеп оқытушылары мен университет оқытушыларын әртүрлі білім беру форматына тарту формаларымен танымал.

Кафедра меңгерушісі Гулмира Султанбаева жиында тақырыптың сабақтастығын және кафедраның білім беру жобаларына республиканың түкпір-түкпірінен оқытушылардың көбірек қатысуын атап өтті.

Курс барысында оқытушылар медиа және ақпараттық сауаттылық негіздерін үйренді, сонымен қатар көптеген медиа құралдарын және ақпараттық сауаттылықты қолдануды игерді.

Интернеттегі сабақтар мен қашықтықтағы семинарлардың бұл түрі өте маңызды, біз көп жаңа дүниені игердік, жұмыс тәжірибесімен алмастық, баспа және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Санат Сейдеханов сабақтарды өте шебер жүргізді, - деп атап өтті курсты аяқтаған доцент Алма Құрманбаева.

Курс соңында практикалық жұмыстар талқыға түсіп, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

www.kaznu.kz