Педагогикалық практика бойынша конференция
2020 жылдың 13-қарашасында биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының ұйымдастыруымен «5В070100-Биотехнология» мамандығы бойынша 4-курс студенттері мен практика жетекшілерінің қатысуымен қашықтықтан оқыту форматындағы педагогикалық практикаға арналған бағдарлы конференция өткізілді.
Конференция Microsoft Teams платформасында өтті. Кездесуге биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Кустубаева А.М., бөлім басшысының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аблайханова Н.Т. және үздіксіз оқыту практикасының жетекшілері:
- педагогика және білім беруді басқару кафедрасынан оқытушылар Санбаева Б.Ж, Атем М.Н және аға оқытушы Мырзағұлова М.Д.;
- жалпы және қолданбалы психология кафедрасынан аға-оқытушылар Джакупов М.С және Сайлинова К.К.;
- биофизика және биомедицина кафедрасынан аға-оқытушы Қожахметова А.Н., Швецова Е.В. және оқытушылар Сайдахметова А.Қ., Исаева Н.Б., Аманбай Б.Б., Сейтқадыр Қ.Ә., Қалдықараева А.Т., Иманалиева М., Сейдалиева Н.М. қатысты.
Конференция барысында студенттерге күрделі эпидемиологиялық жағдайда үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен жүргізудің шарттары, ережелерімен таныстырылды, практика базасы ретінде ұйымдар (мектептер, лицейлер) аталды.
Конференция барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын ала білді.