СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

16 қараша, 2020

Кездесу барысында түрлі бағыттағы бірлескен жаңа жобаларды одан әрі дамыту, атап айтқанда, жасыл технологиялар, цифрлық технологиялар, академиялық ұтқырлық, ғылым, технология және энергия институтын құру және т.б. мәселелер талқыланды.

Келіссөздер барысында ректор Филипп Мартине мырзаға екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық әріптестік пен достық қарым-қатынасты дамытуға және бірлескен жобаларды ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Солардың бірі-ҚазҰУ базасындағы «Гео-Энергетика» франко-қазақстандық білім беру-зерттеу орталығы. Осы жобаның арқасында магистратура мен MBA қос дипломының жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. 

Бірлескен жұмыс бойынша алдағы жоспарлар шеңберін талқылай келе, Елші өнеркәсіптік газ саласындағы ынтымақтастықты дамытуды және «Гео-энергетика» орталығын Қазақстан-Француз ғылым, технологиялар және энергия институты (ҚКХҒЗИ) етіп қайта құруды ұсынды. Филипп Мартине мырзаның бастамасы ҚазҰУ басшылығы тарапынан қолдау тапты, себебі институттың қызметі ғылыми-мәдени алмасуларды дамытуға және екі елдің университеттерінің факультеттері мен ғылым, технологиялар және энергия саласындағы ғылыми-зерттеу институттары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Бірлескен жұмыс бойынша алдағы жоспарлар шеңберін талқылай отырып, Елші өнеркәсіптік газ саласында ынтымақтастықты дамытуды ұсынды және оны ҚазҰУ басшылығы қолдады. Жаңа бағыттар кадрларды даярлау, инновациялық жобаларды құру, цифрлық технологияларды енгізу бойынша неғұрлым жоғары деңгейге көшуге ықпал ететіндігі атап өтілді.

Бүгінгі таңда ҚазҰУ-да 1000-нан астам шетелдік студенттер білім алуда, олардың 60-ы АҚШ-тан. Биыл ҚазҰУ QS әлемдік рейтингінде 165-орынға көтеріліп, әлемнің үздік университеттерінің топ-200-іне енді. Бұл шетелдік жастар үшін ерекше тартымдылықтың белгісі болды.

Кездесу барысында биыл ЮНЕСКО желісі бойынша Шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойы атап өтіліп, ол өзінің көреген еңбектері арқылы Шығыс пен Батысты біріктірді. «Әл-Фарабиді өркениет философы деп атайды және ол исламның ағартушылық негізін қалаушы. Шығыс ойшылы өз трактаттарында ізгілік пен шыдамдылықты насихаттайтын Ислам діңгегін дұрыс оқылып түсіндірілуін сипаттады. Ол дін мен ғылым арасында нақты шекарасын бөліп жарды»,– деп атап өтті ректор өз сөзінде. Тараптар Әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы еңбектері мен идеяларын ілгерілете отырып, әлем негатив пен агрессиядан ада болатын жаңа форматта дамитынын атап өтті.

Кездесудің соңында Франция Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине мырзаға университет алдындағы зор еңбегі үшін ҚазҰУ-дың алтын медалі табысталды.