«Қасірет пен тағдыр» және «Үзілмеген үміт» кітаптарының тұсаукесері өтеді
19 қарашада әл-Фараби кітапханасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Мағазбекқызының «Қасірет пен тағдыр» және «Үзілмеген үміт» жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Шараға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, Алматы арнасының директоры Нұржан Жалауқызы, журналистка факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысады.
«Үзілмеген үміт» - Қазақстан аумағында атом бомбасын сынақтан өткізіп, ауа мен топырақты былғаған, қара Ертістің мөлдірін улаған ұлт саулығына нұқсан келтірген коммунистік жүйе, адам тағдырын табан астына салған атом технологиясына ұмтылған беймаза ғасыр әкелген індет жайындағы «Қасірет пен тағдыр» романының екінші кітабы.
Өтетін орны және уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы 4 қабат (409), басталуы: сағ. 16.00