"Қазақстан-Заман" халықаралық қоғамдық-саяси газет

17 наурыз, 2011

Алматы қаласының әкімдігі ҚазҰУ-дың спорт кешенінде оңтүстік астанадағы жоғарғы оқу орындары студенттері арасында өтетін ІІ Университетаралық Спартакиаданың сатанатты ашылуына қатысты баспасөз мәжілісін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойына орай Алматы қаласы әкімдігінің ауыспалы Кубогына арналған спорттың олимпиадалық және ұлттық түрлерінен «Жастар - салауатты өмір салты үшін!» ұранымен өткізілетін ІІ Университетаралық Спартакиаданы ұйымдастырушылар – «Жас қанат», «Жасыл ел», «Жас Отан», «Қазақстан студенттерінің альянсы», «Қазақстанның жастар конгресі», «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» сынды ұжымдар. 2011 жылдың 11 ақпаны мен 02 сәуірі күндері аралығында ҚазҰУ-дың спорт алаңдарында шағын футбол мен волейбол, үстел теннисі мен баскетбоол, қазақша күрес пен қол күресі, арқан тарту мен бұқа тартыс және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. «Ел Тәуелсіздігін ұлықтауға арналған осынау спорттық бәсекеге қатысушы студент жастардың өнерін тамашалауға барша спорт сүйер қауымды шақырамыз», - дейді байрақты бәсекені ұйымдастырушылар.

Ермек Назым