«Ректорға сауалыңды қой!»

3 ақпан, 2009

         әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ректорға сауалыңды қой!» - деген ұранмен шара өтіп жатыр. Шараға мұрындық бола отырып, ректор Бақытжан Жұмағұлов студенттермен диалог жүргізу мақсатында ұлттық бас университеттің басшылығының  жаңа саясатын жүзеге асырып жатыр.

         Бұл шараның басты мақсаты - бүгінгі студенттердің ойын біліп, тың идеяларды есту және олардың көкейкесті мәселелерін шешу. Осы жылдың мамыр айында университет басшылығы мен студенттер арасында болған алғаш кездесуден бері оқуға, әлеуметтік және тұрмыстық салаға қатысты көптеген мәселелер шешілді. Бұл кездесулер нәтижелі екендігін тәжірибе көрсетті.

         Университеттің Жастар ұйымдарының комитеті ұйымдастырған шараның жиырма күнінде ректорға студенттерден 50 астам электронды хаттар мен телефон қоңыраулары келіп түсті. Олардың ішінде кредиттік технология, өндірістік тәжірибе, дарынды спортшыларды қолдау, студенттік емхана, дүкен ашуға және т.б. көптеген мәселелерге қатысты сауалдар бар.

         Бұл шараны ректордың студенттермен кездесуі тәмамдайды. Кездесуде келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріледі. Ректордың ұсынысы бойынша екі мың студенттік активпен кездесу Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді. Кездесу барысында операторлар залда Интернет және телефон арқылы сауалдарды қабылдап, интерактивті режимде жұмыс істейді (kmo_@mail.ru немесе (727) 247 26 03).

 

Кездесу  Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 2008 ж. 3 қарашасында сағ. 16.00-де өтеді.

Сіз де ректорға өз сауалыңызды қоя аласыз.