Университеттегі спорттың клубтық түрін дамыту

18 наурыз, 2011

Университеттегі спорттық-сауықтыру жұмысын дамыту жеке тұлғаның болмысын және рухын жан-жақты тәрбиелеудің негізгі шарты болып табылады. Бұл жалпыуниверситеттік міндет. Университетте студент жастардың спорттық-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіруге үлкен көңіл бөлінуде.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы нақты ұйымдастыру-әдістемелік кешенді, насихаттау және тәрбиелік әрекеттерді қамтамасыз ететін:

• дене тәрбиесі және спорт құралдарының көмегімен университетің студент жастарын, оқытушыларын және қызметкерлерін сауықтыру;

• спорттық-бұқаралық және спорттық-сауықтыру жұмыстарын жақсарту;

• салауатты өмір салтын қалыптастыруда ақпараттық-насихаттық қызметті дамыту мақсатында «Университеттегі спорттың клубтық түрін дамыту» концепциясын жасады.

Университеттің спорт клубында ҚазҰУ студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне спорт түрлері (волейбол, баскетбол, футбол, регби, үстел теннисі, бадминтон, дзюдо, самбо, еркін күрес, қазақша күрес, бокс, таеквондо, атлетикалық гимнастика, жеңіл атлетика, аэробика, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ және т.б.) бойынша қоғамдық бірлестік – Дене шынықтыру-спорттық клубы (ДШСК) құрылды.

Университеттегі спорттың клубтық түрін дамыту туралы толық ақпарат www.kaznu.kz дене шынықтыру және спорт кафедрасының бетінде.

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы