ҚР Президенті Жолдауына аясында ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.
Жиынға студенттер, оқытушылар, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.
Шара қатысушылары қазақстандық жоғары оқу орындарының ел модернизациядағы орны мен рөлін талқылды. Сондай-ақ, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары, студент жастардың көшбасшы болуы әрі әлеуметтік белсенділігі, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету мен әлеуметтік инновациядағы ҚазҰУ куратор-эдвайзер мектебінің үлесі сияқты өзекті тақырыптар да назарға алынды.
Университет ұстанып отырған басты бағыт – Елбасы жолдауында айтылғандай, - екі үздік университет әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орнындары қатарына кіру, бес пайызы инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу.
Активте сонымен қатар, қойылған міндеттер мен жүктемелерді атқаруға бірден-бір негіз болатын құжат – Корпоративтік мәдениет кодексі қабылданды. “Мұндай Кодекстің қабылдануы жоғары оқу орындарында мақсатты түрде корпоративті идеология мен корпоративті мәдениетті дамытуға, ҚазҰУ-дың жаңа ұстанымы – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында биікке жетелейді”, - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.
Шара қатысушылары еліміздегі жоғары оқу орындарына арнайы үндеу оқып, 3 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді қатысып, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруына сүбелі үлес қосуға шақырды.
ҚазҰУ ректоры мемлекеттік білім беру гранты байқауынан өткен 160 студентке және университетте ақылы негізде үздік оқып жүрген 37 студентке төлемақысына 25% жеңілдік беретін сертификаттар табыс етті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі