"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.
ҚазҰУ-дың Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен өнер байқауында университеттегі факультеттер мен колледж студенттері өз шеберліктері мен таланттарын паш етті. Шара барысында өнерпаздар түрлі заманауи би түрінен, классикалық би, жүргізу шеберлігі, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сияқты өнер түрлерінен бақ сынасты. Екі күнге жалғасатын өнер байқауында сондай-ақ, өлең айту, жыр оқу сияқты талаптарда студенттер өз шеберліктерін танытпақ. Бұл байқауда өнерпаздардың талантына қазақ эстрадасының майталмандары өз бағасын беретін болады.