1 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Ашық есік” күні өтті. Оған Алматы қалалық № 88 жалпы білім беретін мектептің және № 23, №35, №42, №73, №136, №139 мектеп-гимназиялары мен № 40, № 58, № 167 орта мектептерінің оқушылары шақырылды.
Аталмыш іс-шараның негізінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «Қазіргі кездегі психология ғылымы: даму келешегі және болмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, психол.ғ.д. О.С. Санғылбаев, ҚазМемҚызПУ психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенова, «Қайнар» университеті педагогика және психология факультетінің деканы З.Б.Мадалиева қатысты. “Ашық есік” күні факультеттегі әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Қалалық паллиативті көмек орталығының және Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталықтарының озық мамандары «Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық технологиялар» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Сонымен қатар әлеуметтік мәдениеттану және антропология, әлеуметтік философия, ғылым және дінтану философиясы, саясаттану кафедралары өз ұжымының жетістіктерін, ерекшеліктерін айтып, кафедра өмірінен бейне көрсетілімдер ұсынды.
Іс-шара «Наурыз» мерекесіне арналған мерекелік концертпен қорытыланды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі