«Біздің шәкірттер!» , - деп мақтанамыз

3 ақпан, 2021

             Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына журналистика факультетінің екі бірдей түлегі өтіп, үлкен мәртебеге ұстаздар қауымы да ие болды.

     «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты,  ақын Жанарбек Әшімжанға, "Жас Отан" Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс істеген Мәди Ахметовтерге дәріс бергендеріне, сондай халық қалалулылары бола алған азаматтар тәрбиелегендері үшін ұстаздардың да көкіректеріне мақтаныш сезімі ұялап, еңбектерінің жемісті болғандары үшін , сол еңбекті ақтайтын азаматтардың шыққанына ризашылықтарын білдіруде.

     2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалдған Дархан Мыңбайды да біздің шәкіртіміз деп санаймыз. Өйткені ол 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірер  алдында осы ҚазҰУ дың журналистика факультетінде оқыған болатын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы қызметін табысты атқарып жүрген азаматымызды үнемі мақтан етеміз.

     «Айқын» республикалық газетінің Бас редакторы қызметін атқарып жүрген кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты мәртебесіне ие болған Нұртөре Жүсіп те журналистика факультетінің түлегі. Ол - қай кезде болсын туған факультетінен қол үзген емес, болып жатқан шараларға қатысып тұруға әрдайым уақыт таба алатын азамат.

     Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің төрт бірдей түлегінің осындай мәртебеге ие болулары тек факультеттің ғана емес, ҚазҰУ –дың да абыройы. Ия, олар біздің түлектер! «Олар біздің шәкірттеріміз !»,- деп шын жүректен мақтанамыз.

                                                   Клара Қабылғазина, ҚазҰУ профессоры